Біріктірілген менеджмент жүйесі

Жарты ғасырдан берігі тарихы ЖММ «Теміртау медициналық колледжі»  басшылығы мен қызметкерлері сапалы орта білім беруді басты мақсаты еткен. Қиын міндеттерді шешу мақсатымен колледж қызметкерлері әрдайым өз жұмыстарында жаңа әдістерді қолданып келді. Бүгінде ол жағдай жалғасып келеді. Өз алдына қойылған міндеттерін жетілдіріп, менеджмент жүйесінің сапасын арттыру үшін ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарының сураныстары бойынша құрылған.Теміртау медициналық колледжі республика бойынша алғашқы орта білім беретін оқу орындарының бірі болып табылады.

2007 жылдың мамыр айында колледж басқармасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан – Ресей біріккен ұйымы«Интерсерт-ЦентрАзия»  қолдауымен менеджмент жүйесінің сапасын арттыру жоспары құрылды.  Колледж штатының құрамына сапа менеджері –жаңа қызмет енгізілді.

Колледж ұжымының талмай жұмыс жасауының арқасында менеджмент жүйесінің сапасы жыл ішінде сәтті түрде көтерілді және жетілдірілді. Жасалған жұмыстың қорытынды кезеңі «Сертификаттау орталығы ««InterCert» енгізген сертификатталған аудит болып табылады. Жасалған жұмыс босқа болған жоқ, сертификатталған аудит аяқталғаннан кейін ТМК ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына толықтай сәйкес келеді деген қорытынды жасалды.

  • 2013 жылы колледж алғашқы болып мінсіздік моделі EFQM енгізіп, менеджмент жүйесімен біріктірді: колледж ұжымы мінсіздік моделі EFQM-нің жаңа әдістері бойынша оқу жүргізді;
  • Мінсіздік моделін EFQM қайта қарау және енгізу;
  • «Мінсіздікке ұмтылу» кезені бойынша сыртқы бағалауды жүргізу;

Колледж сәтті түрде сыртқы бағалауды өткізіп, білім берудің сапасын арттыру үшін жұмыс берушілер мен жұмысшылардың сұраныстарын қанағаттандырып, тәжірибелі медициналық қызметкерлерді дайындау арқылы тұрақты талпыныстарын дәлелдеді.

2014 жылы колледж Сингапур қаласында менеджмент сапасы және өте жақсы тәжерибесі үшін Азиялық Марапатқа ие болды.

Мұндай үлкен жетістіктерге жету үшін қалалық деңгейде өткізілген денсаулық трамвайы, «Ең  үздік мамандық» жарысы, басшылар мектептерін ұйымдастыру, түрлі акциялар себепкер болды.

Сапа менеджрі Гордеева М.В 2014 жылы 13 қарашада Астанада өткен « Сапа- басшылықтың, шеберліктің, жаңалықтың негізі» 10-шы халықаралық форумға белсене атсалысты.

ҚР «Халықтық бизнес-рейтингтің»  нәтижесімен алтын рейтінгтің «Даму серпіні» номинациясы бойынша «Білім мақтанышы 2016» құрметті мәртебесіне ие болды, ал колледж директоры «Жыл басшысы 2016» құрметті мәртебесін иеленді. Оның бәрі талпысынтың, тәжірибеліктің арқасы.

Басшылықтың және колледж ұжымының тиімді жұмыс нәтижесінің арқасында мамыр айында менеджмент сапасы бойынша IA № 027  от 12.12.2016 г., ресертификациялау аудитынан сәтті түрде өтті.

2016 жылы қазан айында колледж институционалды аккредитациядан сәтті  түрде өтті, оның дәлелі IA № 027  от 12.12.2016 г., куәлігі болып табылады.