Кітапхана қоры

Колледж кітапханасының тарихы Теміртау қаласы медициналық училищесінің іргетасы қаланғаннан  қазанның 1-де 1952 жыл бастау алады.
Ең алғаш 1952 жылы  «Мейіргерлерге арналған хирургия» кітабының 15 данасы келіп түскен, авторы Великорецкий, 1941 шығарылған кітап.
Алғашқы күндері студенттерді кітаппен қамтамасыз етуде қиындықтар болды.
Кітапхананың алғашқы оқырмандары әлі күнге дейін есте қалған.
Жылы сөздермен медициналық училище  кітапханасында көп жыл қызмет етіп қазіргі уақытта демалысқа шыққан жұмыскерді еске аламыз.

1970 жылдан бастап кітапханаға жауапты өз ісінің маманы Тарасова Валентина Романовна. Оның 35 жылдық тәжірибесі біздің кітапханамен байланысты.
Училище өсті, жаңа жабдықтармен толықтырылды, жаңа мамандықтар пайды болды сонымен бірге кітапхана қоры да өсті.

2017 жылы 1 қаңтарда кітапхана қоры 32432 көшірмені құрайды (жазбалар  «Жалпы бухгалтерлік кітапта» сақталған, әдебиетпен қамту бір студентке  – 39,7 көшірмеден келеді), 1059 модуль, оқу- әдістемелік материалдар, өзін- өзі даярлау нұсқаулықтары,   250 DVD және CD , және электронды оқулықтар. (DVD , CD және электронды оқулықтар тіркеу журналында тіркелген).

Жалпы медициналық, арнайы оқулықтар, қазақ және орыс тіліндегі оқыту және анықтамалық әдебиеттер үнемі жаңартылып отырады.  2015 жылдың өзінде 503 көшірме 2,722 т.т  көбейтілді. («Бухгалтерлік есеп және жалпы кітапты түгендеу кітабында»). Жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу жүзеге асырылады. Қазақ және орыс тілдерінде 14 басылымға жазылған бағасы 105,976 тг. құрайды.

Медициналық әдебиет