Мамандандырылған тәжірибе

Мамандандырылған тәжірибе оқыту, өндірістік және дипломаға дейінгі болып бөлінеді.

Оқыту тәжірибелері колледжде, сонымен қатар тәжірибе сабақтарды өтуге арналған бөлмелер мен жабдықтары бар  қаладағы медициналық  ұйымдарда өткізіледі.

КМК «Теміртау қ. Орталық ауруханасында» Мейіргер технологияларының кабинеті жабдықталған, КМК«Теміртау қ. перзентханасында» акушерлік кабинет, педиатриядағы мейіргер ісі кабинеті, КМК«Теміртау қ. Балалар ауруханасында» БЖАЫЕ кабинеті,«Экономь» дәріханасы және студенттердің жеке дәріханасында фармацевтикалық пәндер бойынша оқыту бөлмелері бар.

Сонымен қатар оқыту пратикаларынан бөлек, әрбір семестрде өндірістік практикалар өткізіледі. «Емдеу ісі» және  «Мейіргер ісі » мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін әртүрлі емдеу-профилактикалық ұйымдарда,  «Фармация» мамандығы бойынша дәріханалық ұйымдарда, «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша стоматологиялық кабинеттер мен облыс және қала клиникаларында өткізіледі.

Барлық оқу курстарына яқтап, мемлекеттік емтихандарды тапсырмастан алдын фельдшерлерде , мейіргерлер мен фармацевттерде  8 апталық, тіс техниктерінде 6 апталық дипломға дейінгі тәжірибе өткізіледі.

Өндірістік тәжірибиені мекен-жайына қарасты медициналық ұйымдарда өтуін студент өз еркімен таңдайды. Бұл үшін студент сол медициналық ұйымынан н өтініш хат әкелуі тиіс.

Барлық кезең бойынша  келесі  мамандандырылған  тәжірибелер  қарастырылған:

«Емдеу ісі» ЖМББС 2010

2  курс «Емделушілерге қамқорлық көрстеу » – 2 апта

3  курс «Ішкі аурулар пропедевтикасы»-2апта

«Ішкі  аурулар және хирургия»-2 апта

4  курс «Акушер және гинекология »-2апта

«Дипломға дейінгі  практика»-8апта

«Мейіргер ісі» ЖМББС 2010

2  курс «Емделушілерге мейіргерлік қамқорлық  көрсету»-2апта

3  курс «Мейіргер ісі»-2апта

4  курс «Терапия және педиатрияда, акушер және гинекология, хирургиядағы мейіргер ісі»

«Дипломға дейінгі практика »-8апта

«Фармация» ЖМББС 2010

1  курс «Дәріханалық  ұйымдармен  танысу»-1 апта

«Ботаника бойынша далалық  практика»-1 апта

2  курс «Фармация ұйымдары»-3 апта

3 курс «Дәрілік  формалардың технологиялары»-8 апта

«Ортопедиялық  стоматология» ЖМББС 2010

2  курс «Алмалы-салмалы протездерді дайындау технологиясы»

«Алынбайтын протездердің  дайындалу технологиясы»-2 апта

3  курс «Дипломға  дейінгі  праткика »-8 апта

«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» ЖМББС 2016

2  курс «Емделушілерге мейіргерлік қамқорлық көрсету»-2  апта