ӘЦК №1

Қазақстандағы тілдер күніне арналған пәндік аптаның нәтижелері.

2016 жылдың 31 қазан мен 4 қараша айында колледж мұғалімдері Тілдер күніне арналған  «Колледж жылдығы» деп аталатын пәндік апта өткізді. Апта бекітілген жоспарға сәйкес өтті.

Аптаның бірінші күні 31 қазанда оқытушы  Белгибай Г.М. қазақ және орыс тілдерінде  радиолинейка өткізді. Радиолинейкада құттықтау сөздер мен туған жер, ана тілі туралы тақпақтар айтылды.

1 қарашада қазақ тілі пәнінің оқытушылары Байбосынова А.Б. и СакеноваТ.А. ұйымдастыруымен орыс топтарының студенттері арасында қазақ тілі пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада

2 турдан турды. Бірінші турда студенттер тапсырмалар орындады, ал екінші турда «Колледж: кеше, бүгін, ертең» тақырыбына эссе жазды.

Олимпиадаға 12 студент қатысты. Студенттер олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болды және дипломдармен марапатталды:

  1. Гран-при – Рудковский В., ЛД159А;
  2. I орын – Плавинская Н., Ф151;
  3. II орын – Зонова О., Ф151, Сычевская К., ЛД 159Б; Галиева М., ЛД151;
  1. III место – Косых Н., ЛД159Б, Леликова К., ЛД149.

Қарашаның 2-де ағылшын тілі пәні оқытушылары Герасимчик Е.О. и Медведева Т.Ю. ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Колледж: кеше, бүгін, ертең»  тақырыбына бейнеролик жарысы өтті. Жарысқа барлық мамандықтың студенттері қатысты. Барлық бейнеролик көрсетілгеннен кейін ЛД151, Ф161, ЛД149, Ф151, ЛД139К, ЛД159А  топтарына номинациялар берілді. ЛД 151 тобының бейролигі колледж сайтына жүктелді.

Қарашаның 3-нде оқытушылар  Комякова Л.Г., Суворова Л.В. ұйымдастыруымен барлық колледж студенттері арасында «Менің халқымның тілі» деп аталатын мәнерлеп оқу сайысы өтті, оған 33 студент қатысты. Сайыс барысында студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде танымал орыс, қазақ, шетел классиктерінің шығармаларын мәнерлеп оқыды. Студенттердің өңерін қазылар алқасы келесі дәрежелер бойынша бағалады: анықтық, дауыс ырғағы, мәнері, тілді қолдану, артистік. Қазылар алқасы: Сакенова Т.А., Байбосынова А.Б., Суворова Л.В., Герасимчик Е.О.

Жүлделі орындарға ие болды:

Қазақ бөлімінде:

  1. Гран-при – Серикбол Нурсултан, ЛД169К;
  2. I орын – Андрова Айкен, ЛД159К;
  3. II орын – Ануарова Гульвира, ЛД159К;
  4. III орын – Бекмат Аяулым, СД169К.

Орыс бөлімінде:

  1. I орын – Понаморёва Екатерина, ЛД159А;
  2. II орын – Вебер Алиса, СД169;
  3. II орын – Матиева Тамара, СД169;
  4. II орын – Киреев Максим, ЛД169
  5. IIIорын – Азимханова Балжан, СД169.

Қарашаның 4-де оқытушылар Сыздык Ж.С., Маханова А.Ж.  ЛД 159К  студенттерімен бірігіп колледждің 65- жылдығына арнап қарытынды іс-шара – гала- концерт өткізді. Колледж оқытушылары және колледж жұмыскерлері оның ішінде Тарасова Валентина Романовна, Герасимчик Ольга Викторовна, Симеониди Дина Ивановна сияқты көп жыл еңбек еткен оқытушылар концерттің құрметті қонағы болды.

Концерт соңында пәндік аптаның нәтижесі шығарылып, жарыстарға, олимпиадаға қатысқан студенттерге, іс- шараларға атсалысқан студенттерге алғыс хаттар мен грамоталар берілді.