ӘЦК №4

ӘЦК №4 пәндік апта нәтижелері

2017 жылдың 3 сәуірінен 8 сәуір аралығында біздің колледжде пәндік апта өтті ӘЦК №4  тақырыбы «Қанөмірдің өзені».

Пәндік апта кезінде келесі іс-шаралар өткізілді:

  • 2017 жылы3 сәуірде радиодәріс жүргізілді: «Қан мен өмір – тығыз байланысты ұғымдар». Дәріске жауапты – «Қалыпты анатомия» пәнінің мұғалімі Герасимчик О.В.
  • 2017 жылы 4 сәуірде колледж акт залында СД149 және СД149К топтары  арасында 6 турдан тұратын « Біз гемостаз туралы не білеміз?»  атты жарыс өткізілді.  Жарыс нәтижесі бойынша СД 149К тобы бірінші орынға ие болды. Екі топта іс-шараға қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды. Іс-шараға жауапты – «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінің оқытушысы Калдыбаева Ч.Б. және Бектемирова Ж.Ж.

  • 2017 жылы 5 сәуірде мейіргер ісі мамандығының ІІ және ІІІ курс ( СД159, СД149) студенттері арасында   «Қанның функциясы мен қасиеттері» тақырыбына санбюллитеньдік  жарыс  өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша СД149 тобы бірінші орынға ие болды. Барлық топтар дипломдармен марапатталды. Іс-шараға жауапты – «Қалыпты анатомия» және «Патологиялық физиология» пәнінің оқытушысы Акашев Г.В.

  • 2017 жылы 6 сәуірде ЛД 151 және ЛД 149 топтары арасында «Қан инфекциясы» тақырыбына сауалнама өткізілді. Сауалнаманы ұйымдастырған және жауапты – «Жұқпалы аурулар» пәнінің  оқытушысы Айтмагамбетов Р.Р. Сауалнама нәтижесі бойынша ЛД 151 тобы жеңімпаз атанды.

  • 2017 жылы 7 сәуірде «Емдеу ісі», «Ортопедиялық стоматология» мамандығының 2 және 3 топ студенттерінің (ЗТ 159, ЛД 149, ЛД 151) қатысуымен «Қан ағзаның ішкі ортасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмыстарына «Патологиялық анатомия» пәнінің оқытушысы Шумилова О.В  және «Қалыпты анатомия» пәнінің оқытушысы Серикова Р.Р атсалысты. Тақырыпты талқылау барысында қанның маңыздылығы, оның ішкі ортадағы орны, барлық өмірлік процестерге қатысуы  жайында көп қызықты мәліметтер айтылды.

Пәндік аптаны өткізуде және оны ұйымдастыруда «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандығының ІІ, ІІІ, IV курс студенттері белсене атсалысты. Апта соңыңда нәтижелері шығарылып, жарияланды.