Денсаулық сақтау қызметкерлерінің XVII спорттық олимпиадасы.

25 мамыр күні Металлург стадионында денсаулық сақтау қызметкерлерінің XVII спорттық олимпиадасы өтті. Біздің топ бірінші орын иеленді. Біз барлық бағыттары бойынша жүлделі орындарға ие болдық. Бірінші орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз, әдетте  біз екінші және үшінші орындар алып жүрдік. Соңғы рет біз бірінші орынды осыдан алты жыл бұрын алған болатынбыз.  Болашақта біз  басқа да  жеңістерге жететінімізге үміттенеміз.