– Балалардың өзендерге, қазаншұңқырларға, терең арықтар мен жыраларға жақын жерде ойнауына тыйым салынсын;
– өзендердің жағасында және су қоймасының плотинасына жақын орналасқан саяжай учаскелеріне барудан бас тартыңыз;
– өзендердің, каналдардың, терең және кең арықтар мен жыралардың үстінде орналасқан құбырлар немесе басқа да конструкциялардан өтпеңіз;
– келіп жатқан су құрғақ жерден бөліп тастамас үшін, өзендердегі жартылай аралдарға бармаңыз;
– жазатайым оқиғаны болдырмау үшін белгіленбеген және таныс емес орындарда өзендерден, каналдардан және басқа да су айдындарынан мұз арқылы өтпеңіз;
– Балықшылар бұл кезеңде су толығымен төмендегенше балыққа аулаудан бас тартқан жөн.
Елдімекендерде, жеке секторда тұрып жатқан ХАЛЫҚ:
– ауладан және іргелес аумақтан қар барынша тазаланып, қауіпсіз орынға шығарылсын;
– еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін нөсер арналарының, арықтардың, жыралардың, су өткізгіш құбырладың және басқа да су бұру құрылғыларының уақтылы тазалануына ерекше назар аударылсын;
– еріген қар суы үйдің конструкциясына кірмеуі үшін ғимараттың қабырғасы мен іргетасын қардан тазалау жүргізілсін;
– ғимарат шатырынан су өтіп кетуін болдырмау үшін, шатырды қар мен мұздан тазалау жолымен еріген қар суының жеткілікті ағып кетуін қамтамасыз етіңіз;
– су басу қаупі туындаған жағдайда су кіріп кеткен кезде ықтимал шығыннан қорғау үшін электр құралдарын, тұрмыстық техниканы және бағалы заттарды жоғарғы қабатқа шығарыңыз;
– жазатайым оқиғаға, өртке жол бермеу үшін электр шараушылықтарына, электр қорғағыш аспаптардың жарамдылығына, агрегаттарға алдын ала түгендеу жүргізіңіз.
Су басу қаупі бар елдімекендерде тұратын ХАЛЫҚ, ТЖ туралы хабарлама алған кезде:
– киім-кешек, азық-түлік тағамдарын, ауыз су қорын жинасын, газ және электрэнергиясын сөндіріп, эвакуациялық іс-шараларға дайын болсын;
– үй жануарларын, құстарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға дайындасын. Жертөлелердегі және басқа да тереңдегі үй-жайлардағы азық-түлікті шығарып, шатырларға немесе су баспайтын үй-жайларға орналастырсын;
– үйді және шаруашылық үй-жайларды жергілікті билік өкілдеріне күзетке тапсыруға дайын болсын;
– барлық жерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Алған ақпарат туралы көршілерге хабарлаңыз, бұл істе қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. Кез келген жағдайда сабырлы болыңыз, дүрбелеңге берілмеңіз.
Теміртау қаласының ТЖ басқармасы