Колледж тарихы

Халық санының артуы мен тұрғындардың сұранысы бойынша Теміртау қаласында тарихы сонау 1952 жылдан бастау алатын орта білімді медициналық қызметкерлерді даярлайтын медициналық оқу орны ашылды. Қалалық денсаулық сақтау мекемесінің шешімі бойынша аурухананың терапия бөлімінде жабдықталған екі бөлмеде мейіргерлер мектебі ашылды.

Қаз ССР Теміртау қалалық денсаулық сақтау мекемесінің № 229 от 30.06.1954ж бұйрығы бойынша мейіргерлер мектебі фельдшер, акушер ,балалар мейіргері, жалпы мейіргер мамандықтары бойынша 3 жылдық білім беретін медициналық оқу орны болып қайта құрылды.

1991 жылы ҚР өз егемендігін алғаннан кейін оқу орындары тарихында жаңа беттер басталды. Қазақстан егемен мемлекеттің мәртебесін алған соң, алғашқы қадамдарын жасай бастады, түбегейлі саяси-әлеуметтік және экономикалық идеология өзгерді. Жаңа қаржыландыру жүйесі іске қосылды, білім беру жүйесінде сонымен қатар басқада түрлі салаларда демократияландыру процесі басталды, жеке сектордың қалыптасуы басталды.

90-жылдар оқу орны үшін қорқынышты әрі өте қиын кезеңдер болды. Қаржы және экономикалық дағдарыс, жалақыны кешеуілдету, жылу және жарықпен қамтамасыз ету мәселелері  ,осының барлығы орта білім алуға деген қызығушылықтарды күрт төмендете түсті. Осы қиын өтпелі кезеңдерде қала еңбек ресурстарының көзінен айырылып қалуы ықтимал болатын, бірақ елінің патриоттары,белсенді ынтагерлер жас терапевт С.П.Брамонтова және оқу орнының бүкіл ұжымы пайда болды. Кадрлық әлеует пен материалдық базаны сақтап қалу – олардың ең алғашқы мақсаттарының бірі еді.

1997 жылы 7 мамырда осы оқу орнының орнына ЖММ «ТМК» құрылды.

Жаңа кезең сұрақтарды шешуде жаңа көзқарастарды талап етеді. Осы орайда колледж басқармасы тәжірибеге медицина мен білімнің соңғы жетістіктерін енгізді. Сондықтан коллджде алғаш ашылды:

1998 ж  -лицейлік медициналы-биологиялық сыныптар;

2000 ж-  «Фармация» мамандығы;  Теміртау қ. орта білімді медициналық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бөлімі;

2007 ж-  Сапа менеджменті жүйесі енгізілді;

2008 ж-  10-жылдық үзілістенкейін «Лабораториялық диагностика» мамандығы ашылды;

2010 ж-  Қарағанды облысының білім беру басқармасының бастамасы мен техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру саласына лицензия берді. Лицензияның мерзімі шектелмеген.

2011 ж –  Колледж  негізінде «Теміртау қ. Медициналық және фармацевтика қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігі» тіркелді;

2012 ж-   26.11.2012 №913 кешенді бағалау жұмыстарының нәтижелерінің негізінде колледж Мемлекеттік стандарттардың нұсқаулары бойынша мемлекеттік аттестациядан өтті деп жарияланды.

2012 ж-  Колледж «Дарында балалар-Қазақстанның болашағы» мемлекеттік энциклопедиясына енді.

2013 ж –  Колледж EFQM жетілдіру моделін «Мінсіздікке ұмтылу» бірінші деңгейінде енгізді;

2014 ж-  Колледж сапа менеджменті аумағында озық және үздік тәжірибе үшін Азиялық марапатқа ие болды;

2016 ж –  Колледж EFQM жетілдіру моделін «Жетістікті мойындау» екінші деңгейінде енгізді;