2025 жылдың 22 қазанында Теміртау жоғары медициналық колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия»

2025 жылдың 22 қазанында Теміртау жоғары медициналық колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтті.
Бұл жолы қатысушылар қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ең әсерлі тараулардың бірі – «Қайтқанда» бөлімін талқылады.
Бұл тарауды оқу қатысушыларға Абайдың тағдыры, оның рухани ізденістері, адамның туған жері мен елімен байланысы туралы терең ой салды. Әрбір қатысушы шығармадан алған әсерімен, ой-толғанысымен және туындаған сұрақтарымен бөлісті.
Талқылау әдеби шығарманы талдаудан бөлек, адамгершілік құндылықтар – парыз, ар-ождан және ішкі еркіндік туралы әңгімеге ұласты.