«Тәуелсіздік – елімнің жеңіс жолы»

2025 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің жеңіс жолы» атты салтанатты іс-шара өтті, оның мақсаты студенттерді жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының мәдениетін құрметтеуге бағыттау; ұлттық сана мен патриоттық рухын нығайту, бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу, сондай-ақ жеке тұлғаны рухани дамыту, жауапкершілікті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, өз елінің болашағына бей-жай қарамау.
Аталған іс-шараны өткізуге СД259Ак және СД259Бк топтарының студенттері жауапты болды. Балалар мерекені өткізуге шығармашылық көзқарастарын көрсетіп, музыкалық нөмірлерді ғана емес, сонымен бірге олар дайындаған презентация, бейнероликтерді және алыстағы 1986 жылғы қайғылы күндер туралы тамаша сахналауды көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.