Ағымдағы жылдың 15–22 ақпан аралығында Теміртау қаласының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 15–22 ақпан аралығында Теміртау қаласының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде жасалатын заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу.
Іс-шара аясында Теміртау қаласы Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері “Теміртау Жоғарғы медициналық колледжінің” ЖМ 1,2 курс студенттерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында:
• «Сталкинг» (қудалау) ұғымы және оның құқықтық салдары;
• Неке қиюға мәжбүрлеудің заңсыздығы;
• Өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, әр адамның таңдауы мен жеке шекарасына жауапкершілікпен қарау;
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және қоғамда қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға бағытталған.