Колледжде жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шара Теміртау қаласының «Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Спикер — Қарағанды облысы бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты, саясаттанушы. Нұрмаханов Нұрхан Әлиевич.
Кездесу барысында студенттерге экстремистік және террористік қызметтің мәні, оның қоғам мен әр адам үшін қауіптілігі, сондай-ақ мұндай құқыққа қарсы әрекеттерге қатысқаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға, деструктивті идеяларды ажырата білуге және заңсыз әрекеттерге тарту әрекеттеріне қарсы тұру дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайларды талқылап, ақпараттық ортада қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар алды.






