2025 жылдың 22 желтоқсанында Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтті.

2025 жылдың 22 желтоқсанында Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтті.
Кездесу терең ойға жетелейтін, әсерлі атмосферада өтті. Қатысушылар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Түн түнекте» тарауын талқылады.
Тараудың философиялық мәні, өмір жолының символикасы және тұлғаның моральдық таңдауы кеңінен қарастырылды. Кездесу батылдық, сабыр, жауапкершілік және өз идеалдарына сенім сияқты адамгершілік құндылықтарды терең түсінуге мүмкіндік берді.