2026 жылдың 17 наурызында оқырмандар клубының қорытынды кездесуі өтті. Бұл жолы қатысушылар “Ұшқан ұя” шығармасын толық аяқтап, жалпы мазмұнына талдау жасады

2026 жылдың 17 наурызында оқырмандар клубының қорытынды кездесуі өтті. Бұл жолы қатысушылар “Ұшқан ұя” шығармасын толық аяқтап, жалпы мазмұнына талдау жасады.
Кездесу барысында шығармада көтерілген негізгі идеялар – ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, адамгершілік қасиеттер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар автордың өмірлік ұстанымдары мен тәрбиелік көзқарастары бүгінгі күнмен үндес екенін атап өтті.
Осындай кездесулер жастардың рухани дамуына ықпал етіп, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түседі.