Іс-шара спикері ретінде СтПО аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Рымбеков Марат Серикович сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға интернет желісінде қауіпсіз әрекет ету ережелері, кибералаяқтықтан қорғану тәсілдері түсіндіріліп, жалған ақпаратты анықтау және жеке деректердің таралып кетуінің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Цифрлық сауаттылықты арттыру және интернет ресурстарын жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жеке медиақауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті кеңестерге ие болды.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.



