Клиникалық пәндер оқытушылары «Медицина мекемесінде «Triage» жүйесі» атты семинар оқуын өтті.

 

 Колледж он оқытушылары, оның ішінде С.П.Брамонтова, И.Л.Полтавская, Ч.Б.Калдыбаева, Ж.Ж.Бектемирова, Л.Е.Мананова, Н.И.Переседова, Е.А.Насонова, Т.В.Яковлева, Е.В.Павлик, В.В.Бондаренко, 2018 жылдың күзінде триаж жүйесін медицина мекеме жұмысына енгізу сұрақтары бойынша оқуын өтті.  Оқу семинарын Қарағанды Мемлекеттік медициналық университет жедел жәрдем кафедрасының меңгерушісі Жумабекова  Гаухар  Советовна өткізді.

Оқу аяғында барлық оқытушы сертификат алды.

Медициналық саралау немесе триаж (фр. triage, саралау) – нақты бір жағдайда (емдеу, алдын алу, эвакуациялық) бір келкі және бірінші қатардағы қажеттіліктен тұратын, зардап шеккендер мен науқастарды топтарға бөлу. Саралау мақсаты: оңталды көлемде зардап шеккендер санына уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл жүйе медициналық көмек көрсету кезектігін анықтау үшін  және зардап шеккендер саны көбейген кезде ауруханаға тасымалдауға арналған, бірақ тасымалдау құралдары мен медицина қызметкерлер саны шектелген. Ереже бойынша бір зардап шеккеннің жағдайын бағалаудағы барлық процесс 60 секундты құрайды. Бағалау қорытыны бойынша зардап шеккендер төрт санат саралауында бір түспен белгіленеді, арнайы түрлі-түсті бирка ретінде (triage tag) және түрлі-түсті фонарик (қараңғы тәулік уақытында), немесе қарапайым түрлі-түсті лентамен.