14 желтоқсан 2018 жыл ЖММ «ТМК» колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шара өтті және осы циклдік аптаның соңғы №2 ЦӘК іс-шаралары аяқталды. Мұғалімдер мен студенттерге құттықтау сөзімен оқу бөлімінің орынбасары – Қызылбаева Бакытгуль Курманбекқызы қарсыалды. Осы іс-шарада белсенді қатысып, өз үлестерін қосқандар: ЛД 179 К және ЛД 189 К, сонымен қатар, олардың жетекшілері : Ахметова Гульнар Акимбаевна және Маханова Айман Жылқыбаевна. Студенттер мерекелік ән дайындап, «Алға, Қазақстан» әнін ЛД 189 К тобының студенті Тоқтамұратова Альбина айтты. «Алтын бесік» әнін ЛД 179 К тобының студенті Базар Ахерке орындады. ЛД 179 К тобының студенті Кушерова Гүлсая «Ерке сылқым» биін биледі. «Көңіл толқыны» атты күйді домбырамен шерткен ЛД 179 К тобының студенті Данияров Жанали. Көрермендер, қатысушылар, мемлекеттік тілде оқитын 1-ші және 2-ші курс студенттеріне өте жоғары баға берді.
15 желтоқсан күні ЖММ «ТМК» колледжінде студенттерге «Қазақстанның киелі жағрафиясы » атты слайд жарияланды. Презентацияны 1-2 курс студенттер дайындады. Ғылыми жетекшісі – «Мәдениеттану» пәнінің мұғалімі – Сошникова Марина Александровна болды.