Конкурс «Бақытсыздықтар алаңы»

2024 жылы 22 қазанда ЖММ «ТЖМК»-де «Бақытсыздықтар алаңы» атты конкурс өтті. Аталмыш конкурста «Емдеу ісі» мамандығының студенттері хирургия және педиатрия саласындағы шұғыл жағдайларда көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Конкурсқа төрт студенттік команда қатысты. Жеңімпаздар – №4 команда, құрамына ЛД 219А тобының мына студенттері кірді: Хотынская Яна, Алешин Михаил, Колтунова Каралина, Байкенов Тлек, Маркосян Наринэ.

Ең үздік құтқарушылар ретінде Колтунова Каралина мен Турло Алина аталды.

Конкурстың ұйымдастырушылары – арнайы пәндер оқытушылары Ованезпесов Т.Н. және Крюковская А.Р. Конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға кәсіби жетістіктер тілейміз!