«Абай ілімі – ұлттық болмыстың рухани өзегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Теміртау жоғары медициналық колледжінде 28.01.2026 күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайдағы сөзі аясында
«Абай ілімі – ұлттық болмыстың рухани өзегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында студенттер ұлы ойшылдар мұрасына терең үңілді:
Абайдың «Толық адам» ілімі мен «Адал азамат» ұғымының сабақтастығы
Қожа Ахмет Яссауидің рухани тазалыққа үндейтін хикметтері
Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен парасат туралы тағылымы
Президент айтқандай, ұлы тұлғалардың мұрасын тек мерейтойда емес, үнемі насихаттау – біздің ортақ міндетіміз екені ерекше аталды.
Кеш соңында сөз өнері күй өнерімен үндесіп, домбыраның күмбірі рухани ойды тереңдете түсті.