ЧУ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының пәндік апталығы аясында «Медицинаның болашағы – технология ма, әлде адам ба?» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.
Аталған іс-шараға «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты. Байқаудың ерекшелігі – заманауи цифрлық құралдарды қолдану болды: қатысушыларға жасанды интеллект көмегімен берілген тақырыпта плакаттар әзірлеу тапсырылды.
Ұсынылған жұмыстар креативтілігімен, идеялардың тереңдігімен және жоғары орындалу деңгейімен ерекшеленді. Студенттер заманауи технологияларды меңгерумен қатар, медицинадағы гуманистік құндылықтардың маңызын түсінетіндерін көрсетті.
Қазылар алқасының алдында үздіктерді анықтау оңай болған жоқ. Барлық жұмыстар тақырыпқа сай және өте қызықты болды. Дегенмен, байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын:
- СД259Б тобы — Тихонов С.
- СД259Б тобы — Бердникова Н.
- СД259Б тобы — Васильева В.
II орын:
- СД259А тобы — Коцуба А.
- СД259 тобы — Садыкова А.
- ЛД259 тобы — Кусенова А.
III орын:
- ЛД259 тобы — Котлярова Т.
- ЛД259 тобы — Имаева В.
- СД259Б тобы — Захарова А.
Көрермен көзайымы жүлдесін иеленгендер:
- СД259А тобы — Мусаева Ш.
- ЛД259 тобы — Ибрагимова В.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады, сондай-ақ медицинадағы технологиялық прогресс пен адам факторының үйлесімін түсінуге ықпал етеді.
Аталған байқау пәндік апталықтың жарқын оқиғаларының бірі болып, медицинаның болашағы инновациялар мен медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің үйлесімінде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


