Медицина саласында жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдер мен әдістер

2025 жылғы 21 ақпанда Теміртау жоғары медициналық колледжінде «Медицина саласында жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдер мен әдістер» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Қарағанды облысының медициналық колледждерінің кәсіптік және арнайы пәндер педагогтері қатысты. Теміртау жоғары медициналық колледжі  директоры С. П. Брамонтованың сөзінен басталған семинарда медициналық білім беруде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды. Отырыста симуляциялық сабақтарында ASSURE моделінің көмегімен тәжірибеге бағдарланған бағытты құру туралы, 3D Atlas Anatomy, Educaplay, Wordwall, LearningApps, Quiz интерактивті сабақтар ретінде бағдарламаларды пайдалану,   арнайы пәндерді оқытуда CBL инновациялық технологиясын (нақты жағдайлар әдісін) пайдалану туралы және ақпараттық оқыту ортасын қалыптастырудағы оқытушының дербес YouTube-арнасының рөлі жөнінде көп мәлімет берілді. Семинар талқылаумен және қорытындылаумен аяқталды. Қатысушылар облыстың медициналық оқу орындарының педагогтері үшін өткізілген семинардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.