25 наурыздан бастап 30 наурызға дейін колледжде «Ми екінші әлем» тақырыбына арнайы пәндер ЦӘК әдістеме апталығы өтті, оның барысында орта жүйке жүйе жұмыс сұрақтары қарастырылды.
Аптаның бірінші күндері 25 наурызда «Акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі» мен «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәндер бойынша «Жаңа туған нәрестенің ми дамуының ерекшелігі» атты викторина өтті. Викторинаға ЕІ 159Қ және ЕІ 159 топ студенттері қатысты. Викторина жеңімпаздары: Жунусова Аина (1-ші дәрежелі диплом), Гуселетова Валерия (2-ші дәрежелі диплом), Ким Татьяна (3-ші дәрежелі диплом).
26 наурызда «Химия» пәні бойынша «Эрудиттер кубогы» атты интеллектуалды интерактивті ойын өткізілді. Ойынға №17 НОМ, №11 НОМ командалары мен ЖММ «ТМК» МІ 189 бен ЕІ 189 топ құрама командалары қатысты. Балалар ойынға белсене қатысты, сұрақтарды талқылап, бір-бірінен оза түсті. Ойынға қатысушылар оттегі және көміртегі диоксидті алуда теориялық білімді ғана емес практикалық дағдыны көрсете алды.
Лайықты жеңіске №17 НОМ ие болды, №11 НОМ екінші дәрежелі дипломмен марапатталды, ЖММ «ТМК» құрама қосмандасы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды, қомандаларды дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.
Күнделікті «Адам миы таңғалықты» атты радиолинейка өткізіледі, оны өткізуге МІ 169 топ студенттері қатысты. Радиохабар материалдарында бас ми мүмкіндігі туралы қызықты факторлар баяндалды.
27 наурызда «Орта жүйке жүйеге әсер ететін құралдар» тақырыбы бойынша «Өз ойын» интеллектуалды конкурсқа қатысып, Ф161 топ студенттері фармакология бойынша білімдерін көрсетті. Сұрақтар кәсіби бағытта болды. Ойын студенттерге жағдайатты есеп шешу кезінде еп пен дағдыны қолдану және тақырып бойынша теориялық сұрақтарды қайталауға мүмкіндік берді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Джаварджиди Анастасия – 1 орын, Кузнецова Алена – 2 орын, Кулинич Евгения – 3 орын.
28 наурызда «Ноотроптар және олардың орта жүйке жүйеге әсері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда өсімдік заттар мен синтетикалық дәрілік препараттардың (ББЗ) зияны мен нәтиже сұрақтары талқыланды. Талқылауға Ф161 және Ф171 топ студенттері қатысты. Балалар өз пікірлерін айтып, түрлі дәрілік құралдарды қолдануда приориттеті дәлел мен мысал келтірді. Оқытушылар Н.В.Клиновская және О.В.Халус екі топқа препараттарды кешенді қолданудың керектігін түсіндіріп, студенттерді мәселені дұрыс түсінуге шақырды.
ЛД 171 тобының студенттері оқытушы Е. В. Павлик жетекшілігімен 1 курс оқушылары үшін әңгіме өткізіп, келесі тақырыптарды ашты: «миға және жадыны жақсартуға қажетті тамақ және азық-түлік туралы», «жадыны жақсартатын препараттар (ноотропы, Бад)», «жадты жаттықтыру тәсілдері», «емтиханға қалай дайындалу керек?»