Талапкерлердің назарына


‼Колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталды.‼
⏩Үміткерлер (кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері) колледжге оқуға екі жолмен өтініш бере алады: колледжде қағаз жүзінде және электронды түрде journal-college.bilimal.kz сілтемесі арқылы
⏩Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап egov.kz порталы арқылы электронды түрде өтініш беруге болады.
🟣Колледжге түсу үшін «Мейірбике ісі» және «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша 9-сынып түлектері 25 маусым мен 15 тамыз аралығында құжаттарын тапсыра алады.
🟣«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі және «Жалпы тәжірибелік медбике (кешкі нысан), «Фармация» біліктілігі бойынша 11 сынып түлектері 25 маусым мен 15 тамыз аралығында құжаттарын тапсыра алады.
«Фармация» құжаттарды 25 маусым мен 15 тамыз аралығында тапсыра алады.
🟣Рейтинг міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады.
🟣Үміткерлерге арналған конкурстар 19-25 тамыз аралығында өтеді.