Теміртау жоғары медициналық колледжінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Кітап оқитын педагог – 2026» бағыты бойынша бірінші кезең өткізілді. Аталған бағыт педагогтер арасында оқу мәдениетін дамытуға және кітап оқуды кәсіби әрі тұлғалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.
Жоба қатысушылары жоғары деңгейдегі оқырмандық белсенділік танытып, оқылған материалды шығармашылық тұрғыда талдай білуімен және үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысымен ерекшеленді. Байқау қорытындысы бойынша I, II, III дәрежелі диплом иегерлері анықталып, сондай-ақ белсенді қатысушылар сертификаттармен марапатталды.









