2023 жылдың 16 наурызында туберкулезге қарсы күрес айлығына және No4 ЦӘК жалпы медициналық пәндер апталығына байланысты «Туберкулез туралы не білеміз?» атты іс-шара өткізілді.
Ұйымдастырушылар – колледж оқытушылары Қызылбаева Б.Қ. және Қалдыбаева Ч.Б.
Қатысушылар 1 курс студенттері. Қосалқы баяндамашылар – 2 курс студенттері – Жарилкасимова Акзер – СД219К, Абдуллаева Балжан – СД219К, Жаркова Андриана – ЛД219A, Фундуков Александр – ЛД219A.
Шараға келген құрметті қонақтар – Ким Людмила Николаевна (Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы) және Анна Александровна Захарова (облыстық фтизиопульмонология орталығының Теміртау бөлімшесінің меңгерушісі) болды.
1 курс студенттері «Туберкулездің тарихы», «Туберкулездің алдын алу және диагностикасы» тақырыптарында баяндамаларды тыңдап, бейнероликтерді көргеннен кейін Quiz.com платформасында онлайн викторинаға қатысты.
Викторинаның қорытындысы бойынша ең көп ұпай санын Храмцова Елизавета – ЛД229, Сало Валерия- ЛД229, Амангелді Гүлім –ЛД229К жинады.