Гуманитарлық және әлеуметтік-экономика пәндерінің пән апталығы бойынша есеп
2016-2017 оқу жылы
2017 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсан аралығына дейін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл» тақырыбына колледжде гуманитарлық және әлеуметтік-экономика циклінің апталығы өткізілді, оның негізгі мақсаты гуманитарлық және әлеуметтік-экономика пәндеріне білім алушылардың қызығушылығын көтеру, білімдерін кеңейту, студенттердің шығармашылық мүмкіндігін дамыту. Апталық пән циклінде қызықты шаралар жоспарланып, ұйымдастырылып өткізілді.
Аптаның бірінші күнінде, 11-ші желтоқсанда оқытушылар Д.В.Журавлева, М.А.Тулекбаев және Н.В.Епифанцевамен қазақ және орыс тілінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл» атты радиолинейка өткізілді.
12-ші желтоқсанда оқытушылар Н.В.Кондратьева, А.К.Адимова, Н.К.Калаубекова, Г.А.Ахметова, Ж.С.Мауленов, Т.М.Нургалиев 1-2 курс студенттері және №7НОМ пен №1 НОМ оқушылары арасында «Үш ғылым жекпе-жегі» атты конкурс өткізді. Конкурс қатысушылары «Информатика» және «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндер облыс біліміне интеллектуалды ойын конкурсына қатысты.
Конкурстағы жүлделі орындар:
I –ші орын — ЖММ «ТМК» командасы( ЛД169 және ЛД 179 тобы);
II –ші орын – ОСШ № 1НОМ командасы (9 және 11 сынып оқушысы);
III –ші орын –ОСШ № 7НОМ командасы ( 9және 11сынып оқушысы).
Барлық ойынға қатысушылар және олардың жетекшілері грамоталар, алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
13-ші желтоқсанда оқытушылар Г.А.Ахметова, Т.М.Нургалиев, Ж.С.Мауленов, М.А.Тулекбаевпен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл: жетістіктері мен болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда колледждің 1-2 курс студенттері мен №17, №22, №15 және №2 орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістігі туралы баяндама жасау ұсынылды. Шара іскерлік көңіл-күйде өтті. Отанымыздың болашағын талқылауға студенттер, оқытушылар және ЖММ «ТМК» диреторы С.П.Брамонтова белсене қатысты. Барлық дөңгелек үстел қатысушылары сертификат, ал олардың жетекшілері алғыс хаттар алды.
14-ші желтоқсанда оқытушы Ж.С.Мауленов ЖММ «ТМК» 1-ші қабатында «Қазақстанның көрнекті орындары» атты видео-альбомның презентациясын ұйымдастырды.
15-ші желтоқсанда оқытушы Г.А.Ахметова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл» атты салтанатты шарасын ұйымдастырды. Оған ЖММ «ТМК» 1-ші курс студенттері және олардың жетекшілері қатысты. Шара аяғында пән апталық қорытыны жасалды.
ЖММ «ТМК» әкімшілігі, Б.К.Кызылбаева тұлғасында, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысқан ЖММ «ТМК» студенттеріне алғыс айтты.
№ 2ЦӘК төрайымы: Ахметова Гульнара Акимбаевна.
ӘЦК №2 пәндік апта нәтижесі
2016-2017 оқу жылы
2016 жылы 9 және 15 желтоқсан аралығында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған пәндік апта өткізілді.
- 9 желтоқсанда оқытушылар Журавлёва Д.В., Тулекбаева М.А. ұйымдастыруымен «Қазақстан: Туелсіздікке апарар жол» деп аталатын радиолинейка өткізілді.
- 12 желтоқсанда о0ытушы Джангалиева К.К. және студент Тұрғын Т. ЛД 159К және Ведман Ю. ЛД 159А ұйымдастыруымен Ф161 тобында ғалым- химиктерге арналған «Химиялық сандық» деп аталатын аудиториядан бөлек іс-шара ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға тәтті сыйылықтар таратылды.
- 13 желтоқсанда ЛД 169 және ЛД 169К арасында «Лабиринт» деп аталатын интеллектуалдық ойын өткізілді. Қатысушылар биология пәнінен білімдерін сынады. Ойынды ұйымдастырған оқытушылар – Адимова А.К. и Расол М.Р.
- 13 желтоқсанда оқытушы Ахметова Г.А. 2 курс студенттері (ЛД 159К, ЛД 159К) арасында Тәуелсіздік мерекесіне арналған видео-презентация жарысын өткізді. Жарыста жеңіске жеткен СД 159К тобының студенті Жоламанова А.
- 14 желтоқсанда оқытушы Пан Р.П. информатика пәні бойынша «Білім-Күш» деп аталатын интеллектуалдық ойын өткізді, ойынға ЛД 149 және ЛД 151 топтары қатысты. Жеңіске ЛД 151 тобы жетті. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
- 15 желтоқсанда Журавлева Д.В. барлық колледж студенттері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Менің елім» деп аталатын фотожарыс ұйымдастырды.
- 15 желтоқсанда колледж сайтына «Менің елім» деп аталатын альбом енгізілді, оған қатысқан ЖММ «ТМК» 1 және 2 курс студенттері. Ұйымдастырған – Гордеева М.В.