2018 жылы қазан айында ЖММ «Теміртау медициналық колледжі» студенттері Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер мектебі» атты жобаға қатысты. Бұл жоба жастардың кәсіпкерлік және иннвациялық потенциалын ашуға, жас адамдарды кәсіпкер жұмысына белсене шақыру, сонымен қатар жас кәсіпкерлердің құзыреттік деңгейін көтеруге бағытталған.
«Жас кәсіпкер мектебі» оқуы қорытыны бойынша ТТ 179 топ студенттері Круглов Константин, Аббасова Раксана, Алпысов Даурен «Бизнес-ой жәрменкесі» конкурсына қатысты, конкурс 26.10.2018ж. Қарағанды облысы Қарағанды қ. «Атамекен» кәсіпкерлер Палата офисінде өткізілді. Конкурста колледж студенттеріне «Анама сыйлық» бизнес-жобаны ұсынды.
Бұл жоба негізі онлайн –желісін құру болып табылады. Онда баланы күтумен үйде отырған жас аналар керекті тауарларды дүкен сайтына тапсырыс беріп ала алады. Жоба авторларының әлеуметтік бағыты сырттан келген студенттерді жұмысқа орналастыруды ұсынды, ол студенттердің финанс жағын жақсартуға көмектеседі деп ойлайды. Сонымен қатар жоба авторлары балалар және ана орталығымен қызметтесуді жоспарлады.
Оқу қорытыны бойынша және конкурсқа қатысқан студенттер ҚР «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының «2020 жол карта бизнесі» бизнесті дамыту және қолдау Бірегей бағдарламасы рамкасында сертификатқа ие болды.