2026 жылдың 17 наурызында оқырмандар клубының қорытынды кездесуі өтті. Бұл жолы қатысушылар “Ұшқан ұя” шығармасын толық аяқтап, жалпы мазмұнына талдау жасады.
Кездесу барысында шығармада көтерілген негізгі идеялар – ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, адамгершілік қасиеттер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар автордың өмірлік ұстанымдары мен тәрбиелік көзқарастары бүгінгі күнмен үндес екенін атап өтті.
Осындай кездесулер жастардың рухани дамуына ықпал етіп, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түседі.
