28.10.2025 күні Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия»

28.10.2025 күні Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтті.
Қатысушылар Мұхтар Әуезовтің ұлы туындысы – «Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Қат-қабатта» тарауын талқылады.
Бұл тарауда суреттелген оқиғалар Абайдың өмірлік сынақтары мен қоғамдағы күрделі қайшылықтарды терең түсінуге мүмкіндік берді.
Талқылау барысында қатысушылар кейіпкерлердің мінезі, олардың моральдық таңдауы мен рухани беріктігі туралы өз ойларын ортаға салды.