2025 жылдың 19 мамыры мен 23 мамыры аралығында «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМК-де «WorldSkills Қазақстан–Қарағанды–2025» аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионатта «Химиялық және зертханалық талдау» құзыреттілігі бойынша біздің колледждің студенті Линькова Полина (Ф231 тобы) қатысты.
Аталған құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлік сайысында Қарағанды облысының колледждерінен 5 қатысушы бақ сынады.
2025 жылдың 11 маусымында Қарағанды қаласында «WorldSkills Қазақстан–Қарағанды–2025» чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Рәсім барысында жарыс қорытындылары жарияланып, біздің қатысушымыз жүлделі үшінші орынды иеленіп, чемпионаттың қола медалін жеңіп алды!
Полинаны чемпионатқа дайындаған компатриот-эксперт – химия пәнінің оқытушысы Щеглова Н.В.
Полинаны жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!




