АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы биыл 30 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Абайдың шығармашылық мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Бүгінгі таңда Абайдың өлеңдері әлемнің 60 тілдеріне аударылған.

2019 жылғы 27 қарашаның ЖММ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» оқытушылары ұлы қазақ ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты іс-шара өткізді. Оны колледждегі мейіргер ісі бойынша оқитын 1-курс кураторы Белгібай Гүлжан Мұғиынқызы мен емдеу ісі бойынша оқитын 1-курстың кураторы  Сәкенова Тазагуль Акимовна өткізді. Іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысып, Абайдың шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс шара кезінде студенттер қазақтың ұлы ақыны жайлы мағлұматтармен таныс болды. Сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

Ұлы Абайдың туған күніне орай өткізілген шарада колледж студенттері Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқыды.  Серикбол Нұрсұлтан, Көлдейова Әсел, Амангелді Ақбота, Алдажарова Айгерим, Жуманазарова Балнұр  ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

4-курс студенті Серикбол Нұрсұлтан «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Сегізаяқ»шығармаларын орындады.

4-курс студенттері Амангелді Ақбота, Алдажарова Айгерим Абайдың өлең шумақтарын оқып шықса, Жуманазарова Балнұр  қара сөзден мысал келтірді.

Колледжіміздің мейіргер ісі бойынша оқитын алғашқы курс студенті Көлдейова Әсел Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіріп орындады. Бұдан бөлек жиналған қауым ән тыңдап, онымен қоса, Абайдың әнін қосылып, бірге шырқады. Келген көрермендер  Абай өлеңдерімен сусындап қайтты.