Жоғары деңгейде студенттерді қарсы алу кеші өтті.

Теміртау қалалық медициналық колледжінде   «Емдеу ісі» 149Қ және  «Емдеу ісі» 149 топтарының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде студенттерді  қарсы алу кеші өтті.Өтілген орны Қалалық мәдениет үйі.Бірнеше сағаттарға созылған кеш жоғарғы деңгейде айтарлықтай қызықты өтті.Кешке студенттер ғана емес барлық оқытушылар да қатысты.

Кеш колледж әнұранымен басталып,әрі қарай  көптеген нөмірлер мен жалғасты. Биыл колледж табалдырығын аттаған колледж студенттері, Студент Антын қабылдады.Ерекше үлес қосқан оқытушылар ағылшын тілі пәнінің оқытушысы  Маханова А.Ж  және анатомия пәні оқытушысы  Акашев Г.В

Демек студенттерді қарсы алу кеші айтарлыктай жоғары деңгейінде аталып өтілді.Өз үлесін қосқан бірнеше топтар ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді.Атап өтетін болсақ  « Емдеу ісі» 159А тобының студенті Зубкова Дарья және «Емдеу ісі» 159Б тобының студенті  Жуманазова Ұлбосын  кеште жүргізушілік қабілеттерімен көзге түсті.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-

демекші кеште бірнеше би қойылымдары болды.Тек би ғана емес колледжде бұлбұл үнді әншілерімізде көптеп табылды.

Кеште колледждің барлық оқытушылары өз үлестерін қосып кеш соңына дейін қатысты. Студенттерді қуантуға кереметтей көрініс көрсетті. Ол көріністе медицина ғылымы кең қамтылды.Студенттер мен кеш қатысушылары медицана ғылымының тарихына көз жүгіртіп көптеген мәлімет алды.

Осылайша оқытушылар және колледж әкімшілігі кеш қатысушыларына кереметтей көңіл-күй сыйлады.Колледж студенттеріде өнерден құр алақан емес екенін көрсетті.Оларды атап өтсек  «Емдеу ісі» 179Қ   топ  студенті  Базар Ахерке  «Пино Колада» әнін орындады.

Бізде мың бұралған бишілерімізде табылды: «Мейіргер ісі» 169Қ, «Мейіргер ісі»159Қ және «Мейіргер ісі» 179 тобының  белсенді студенттері заманауи билерімен кеш қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.Айта кетерлік жағдай студенттер кешіне арнайы шақыртумен Теміртау қаласына танымал « Шолпы» би тобы келіп мың  бұралып өз өнерлерін көрсетті.

Орындаған: неміс және ағылшын пәнінің оқытушысы Маханова А.Ж.