Мейірбике күні

Бүгін, 12 мамыр – Халықаралық медбикелер күнінде Теміртау жоғары медициналық колледжінің студенттік жасақтары Теміртау қаласындағы ауруханалар мен емханалардың медбикелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері студенттерді ықыласпен және ризашылықпен қарсы алды.