Мейірген іосінің қлданбалы бакалавриат түлектерiне диплом беру

 

 

Наурыз айының басында 1 жыл 6 ай оқу мерзімімен мейірбике ісі мамандығының қолданбалы бакалаврларының екінші бітіру өтті.   Колледжде оқу бітірушілердге диплом тапсыру салтанаты өтті. Түлектер дипломдық жұмысын қорғаудан сәтті өтіп, екі кезеңде – білімді бағалау және дағдыны бағалау бойынша өткен қорытынды мемлекеттік аттестациядан өтті. Студенттер дипломдық жұмысын колледж оқытушыларының арасынан тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен орындады. Олардың еңбегін аттестаттау комиссиясы жоғары бағалады.

Құттықтау сөзімен, сонымен қатар табысты мансап, алға қойған мақсатқа сенімді түрде жету және тұлғалық өсу тілегімен колледж директоры С.П.Брамонтова түлектер алдында сөз сөйледі. Оқу бітірушілерге оқу бөлімінің өкілдері мен колледж оқытушылары атынан құттықтаулар мен қоштасу сөздері айтылды. Жауап ретінде түлектер колледж әкімшілігіне, оқытушылар құрамына және олардың дипломдық жұмыс жетекшілеріне білімдері, тәжірибелері, парасаттылығы, сезімталдығы мен жомарттығы үшін алғыстарын білдірді.