«Парасаттылық сағаты»

«Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ «Sanaly Urpaq жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жұмыс жоспары бойынша 02.09.2022 ж. – 05.09.2022 ж. аралығында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша «парасаттылық сағаты» өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық біздің қоғам өмірінің түрлі салаларында бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, білім беру саласындағы ұйымдар жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сынып сағатын әзірлеу топ кураторларына жіберілді және олар «емдеу ісі» және «мейіргер ісі» мамандықтарының бірінші, екінші және үшінші курс студенттерімен жеке жұмыс жүргізді.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық-көпқырлы және кешенді мәселе. Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың ерекше қауіптілігі-сыбайлас жемқорлық білім берудің сапасын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар жастардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын қалыпты құбылыс ретінде қалыптастырады. Мұндай сынып сағаттары студенттердің дүниетанымында әділеттілік, парасаттылық және білімге құрмет сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.