Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық акция

 

 

 

Денсаулық – әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ол – әл-ауқаттың, табысты оқу мен еңбектің негізі.

«Теміртау жоғары медициналық колледжі»  2022 жылы 7-ші сәуірде салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру бойынша акциясы өткізілді.   Акцияға «Фармация» мамандығының ІІ курс студенттері Н.Намеднева, Ю.Филипова және «Мейіргер ісі» мамандығының ІІІ курс студенттері А.Асилбекова, Н. Абдывалиева, М.Булавкина, Ю.Кряжева, Н.Мусаева қатысты.

Жауапты студенттер колледждің барлық оқу топтарында гимнастика өткізді, адам денсаулығына және қоғамға оң және теріс әсер ету факторларын талқылады; салауатты өмір салтының мүмкін жолдарын ойлап тапты және өмірдегі ең маңызды құндылықтардың бірі – салауатты өмір салты деген қорытындыға келді!!!