Профессиональные пробы

28.03.2022 ж. «№ 31 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ базасында күндізгі форматта жоғары деңгейдегі кәсіби сынамалардан өтті. 10 қыз бен жігіт медициналық форманы сынап көрді, терапия, хирургия, педиатрия негіздерімен танысты, таңғыштар қойды, қандағы оттегінің деңгейін өлшеді. Оқу жылының басынан бері біздің қаламыздың 8 мектебінен 151 адам медициналық колледжде кәсіби сынамадан өтті

Кәсіби сынамалар медициналық бағыттағы негізгі орта білім берудің бейіналды даярлығы шеңберінде ұйымдастырылады. Кәсіби сынамалар бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мектеп оқушыларының өзін-өзі анықтау саласындағы қызығушылықтарын, қабілеттері мен қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.