Іс-шараны Жастар үйінің штаттық психологы Жанабаева Перизат жүргізді. Кездесу тақырыбы — «Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру».
Тренинг барысында қатысушылар денсаулықты сақтау, саналы таңдау жасау және жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады. Кездесу жылы, сенімді атмосферада өтті, әрбір қатысушы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.





