Қалалық ата-аналар форумының.

28 мамыр 2022ж.

Қазақстан Президенті жариялаған балалар жылы аясында Теміртау қаласында Ата-аналар форумы өткізілді.»Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ  оқытушылары мен студенттері форум алаңдарының бірінде өз оқу орнын ұсынды. Студенттер жүрек-өкпе реанимациясының дағдыларын, пациентті электрондық муляждарда тексеру дағдыларын және манипуляциялық техниканы меңгергендігін көрсетті. Форум қонақтары өздерін студент немесе пациент рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды. Колледж өкілдері іс-шара барысында және одан әрі әлеуметтік желілерде көптеген ұсыныстар мен пікірлер алды. Іс-шара шығармашылық өрлеуде және ең жағымды эмоциялармен өтті.