Қашықтықтан оқыту форматында оқыту

Қашықтықтан оқыту форматында оқыту

2020-2021 оқу жылының басында ЖММ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» студенттер контингенті 644 адамды құрайды. Ағымдағы оқу жылының  1 семестрінен  бастап барлық сабақтар қашықтықтан өткізіледі. Оқытушылар мен студенттер Moodle білім беру платформасын пайдаланады, онда дәрістік материалдар, орындауға арналған тапсырмалар, сондай-ақ әртүрлі типтегі тесттер орналастырылады.

Бұл платформа студенттердің сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік береді, сондықтан  колледж әкімшілігі  бұл мониторингті күн сайын жүргізеді.

Сонымен қатар, оқытушылар сабақтарды онлайн режимінде ZOOM бағдарламасының көмегімен, кесте бойынша көрсетілген уақытта конференциялар құра отырып жүргізеді.

Студенттердің оқытушылармен тікелей қарым-қатынас жасауға, дәрістің қысқаша шолуын тыңдауға, өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.