2026 жылдың 14 сәуірінде Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті

2026 жылдың 14 сәуірінде Теміртау жоғары медицина колледжінде республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында жұмыс істейтін «Книготерапия» оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті.
Бұл кездесуде қатысушылар Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясының екінші кітабы – Жанталас романын талқылады.
Талқылау барысында шығармада бейнеленген тарихи кезеңнің күрделілігі, ел тағдыры үшін болған тартыстар мен ішкі қайшылықтар кеңінен сөз болды. Қатысушылар кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беріп, олардың ел болашағы үшін жасаған таңдаулары туралы пікір алмасты.