13.11.2018 жалпы білім беретін пәндер ЦМК апталығы аясында колледжде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған «Қазақ ұлтының рухани көшбасшысы» атты эссе байқауы өтті.

Эссе байқауы «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді және Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған.

Байқауға 20 адам қатысты, олар қаланың № 9,15,14 жалпы білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушылары және «Теміртау медициналық колледжі» ЖММ ЛД 189, ЛД 189К, СД 189 тобының бірінші курс студенттері. Сайыскерлер үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істеді. Қонақтар үшін колледж бойынша экскурсия өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 16.11.2018 ж. өтеді.