Туберкулез деген не ?
Туберкулез – ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез – бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез – бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Жалпы, соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,3 есеге азайған. Егер 2011 жылы 81 мыңнан астам ауру анықталған болса, 2021 жылы – 35,9. Сонымен қатар, профилактикалық тексерулердің арқасында 0 мен 17 жас аралығындағы балалардың аурушаңдығы төмендеп, туберкулезден болатын өлім-жітім де айтарлықтай төмендеген.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар
- Толыққанды тамақтанудың болмауы.
- Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).
- Маскүнемдік.
- Темекі шегу.
- Нашақорлық.
- Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).
18.04.2022 колледждің студенттік Парламенті салауатты өмір салты және спорт фракциясының лидерлері, колледждің медицина қызметкері Ч .Б. Қалдыбаевамен Туберкулез мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.