Мамандықтар жәрмеңкесі

Болашақ мамандықты таңдау – әр адамның өміріндегі маңызды және жауапты қадам, дайындық пен білімді, ойлануға уақытты және жеңіл-желпілікке жол бермеуді талап етеді.
Өзіңнің қалауыңа, бейімің мен қабілетіңе сай мамандық таңдау керек.
Болашақ мамандықтың қаншалықты дұрыс таңдалғанына бүкіл болашақ өмір байланысты болады.
2023 жылдың 29 сәуірінде қалада дәстүрлі «Мамандықтар жәрмеңкесі» акциясы өтті. Ол қала мектептерінің 9 және 11 сынып түлектеріне арналды.
Дәстүр бойынша бұл шараға колледжіміздің студенттері мен оқытушылары белсене қатысты.
Мектеп оқушылары медициналық манипуляциялар жасауда бағын сынайтын тақырыптық станциялар орналастырылды.
Жәрмеңкеге 5 мұғалім мен 20 студент қатысып, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына дәрігерлік мамандықтың қыр-сырымен бөлісті. Жәрмеңкеге мыңнан астам келушілер келді. Дәрігерлік мамандықтар келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.