Пікірсайыс турнирі

Бүгін, 14.04.23 жылы біздің колледжде Теміртау қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің басты қарары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі болды. Турнир Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды. Турнирге келесі командалар қатысты:

1) Теміртау кәсіптік – техникалық колледжінің «Болашақ» командасы.

2)»Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің «Либерти» командасы.

3)»Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің «Stepp app» командасы.

4) Теміртау жоғары медициналық колледжінің «Фортуна» командасы.

Турнир өте қарқынды өтті. Талқылау барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі аспектілерін көтерді. Турнирдің жеңімпазы «Болашақ» командасы болып танылды. Колледжде пікірсайыс қозғалысын дамыту аясында алдағы уақытта турнирлер өткізу жоспарлануда. «ТВМК» ЖММ пікірсайыс турнирлерінің тұрақты ұйымдастырушысы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы Нургалиев Т.М болып табылады. Балық қатысқан командалармен қатысушыларға алғыс білдіреміз !