қалалық пікірсайыс турнирі

Бүгін Теміртау жоғары политехникалық колледжінде қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир 2 тілде өтті. Біздің колледж құрамасы қазақ лигасына қатысты. Студенттер: Бақтыбаева Зинеп, Сатибалдиева Әсем 2 ші орынға ие болды. Айта кету керек, турнир Жаңа Британдық парламенттік формат бойынша өтті. Біздің команда оппозиция жағында ойнады. Қазылар алқасы Бақтыбаева Зинептің шешендік өнерін жоғары бағалады. Салтанатты марапаттау рәсімі 6.06.23 күні өтеді.