«WorldSkills Karaganda – 2023»

22.05.2023 Қарағандыда, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйінде «WorldSkills Karaganda – 2023» облыстық чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Облыстық колледждердің 45 мамандық бойынша 300-ден астам студенті кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл чемпионатқа колледжіміздің студенті Ильин Никита алғаш рет қатысты (F221 тобы, «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреті). Дебют сәтті өтті – Никита 2-дәрежелі дипломға ие болып, чемпионат жеңімпаздарының қатарында болды. Ильин Никитаны чемпионатқа дайындаған мұғалім Щеглова Наталья Валерьевна. Чемпионат жеңімпазын құттықтаймыз! Сізге одан әрі кәсіби табыстар тілейміз!