Өрт қауіпсіздігі негіздерінен оқу-жаттығу шаралары

19.05.2023 ж. колледжде өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығулар өткізілді. Оларға 289 студент пен 23 колледж қызметкері қатысты.

Оқу-жаттығуды эвакуациялау жедел түрде жүргізілді. Студенттер мен қызметкерлер іс-әрекеттердегі үйлесімділік пен төтенше жағдайларды жою алгоритмі туралы білімдерін көрсетті.