Кәсіби орыс тілінен ашық сабақ

2017 жылы 19 қазан айында  екінші санат оқытушысы Ж.С.Сыздык «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ «Мейіргер ісі» мамандығының 169 Қ тобында өтті. Оқытушы өз пәнінің үздігі екенін көрсете білді, сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау даму технология тәсілдерін жақсы игерген. Сабақ мақсатына жету үшін Ж.С.Сыздык сөйлеу әдісін, түсіндіру-үлестірмелі, көрнекілік, шағын-ізденіс, шағын топтар жұмысын қолданды.